Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу
13 Тамыз 2022

Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті
13 Тамыз 2022

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді
13 Тамыз 2022

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...
13 Тамыз 2022

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...

Мешіт тірегі жамағат
13 Тамыз 2022

Мешіт тірегі жамағат

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек
12 Тамыз 2022

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек

Еуропалықтар 2035 жылға қарай электромобильге көшеді

Еуропалық Одақ өз өңірінде көліктің атмосфераға парниктік әсер тудыратын газдарды шығармауы керек екеніне сенімді. Сондықтан сәрсенбі күні ұйымға мүше елдер 2035 жылға қарай бензинмен немесе дизельдік отынмен жүретін жаңа көліктерді сатуды тоқтатуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

220630092425988e

Оларды 13 жылдан кейін электромобильдермен алмастыру жоспарланып отыр.

Ел азаматтары бұған оң пікір білдірді, бірақ кей пікірлерде біршама күмән да бар.

«Бұл қисынды шешім. Бірақ мен электромобиль мен электр энергиясы әлдеқайда арзан болуы керек деп санаймын. Егер олар бағаны түсіріп, сыйымдырақ және жеңілірек аккумуляторларды ойлап тауып, зарядтау нүктелерін барлық жүргізушілер үшін қолжетімді ете алса, бұл қисынды шешім болуы керек», - дейді көлік әуесқойларының бірі.

«Менің ойымша, бұл ешқашан дұрыс жұмыс істемейді. Кәдімгі моторы бар менің көлігіме қараңыз. Біз онымен 3000 миль жүрдік және жанармайды аз құйдық. Ал электр энергиясын өндіру үшін электр станциялары әлі де қазба отынмен қамтамасыз етілуі керек. Сіз жай ғана мәселені басқа жерге жылжытасыз. Ластану әлі де болады», – дейді тағы бір жүргізуші.

Еуропарламенттегі «Жасылдар» фракциясы іштен жанатын қозғалтқыштарды шығарудың алдағы кезеңін құптады. Германия депутаты мұны 5 жыл бұрын жасау керек еді деп есептейді.

Еуропалық Одаққа мүше елдер қоршаған ортаны қорғау пакетінің басқа да негізгі элементтері бойынша келісті. Алайда олар Брюссельдің бастапқы ұсынысын жұмсартатын бірқатар ерекшеліктер мен түзетулерді қабылдады. Енді еуропалық үш билік институты – Парламент, Кеңес және Комиссия арасында ғаламшардағы климаттың өзгеруіне жол бермеуге арналған осы келісімді бекіту үшін қатаң келіссөздер өтетіні күтіліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале