6.02.2023, 11:30
Оқылды: 57

Фермерлерге субсидиялаудың жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды

Қазақстанның фермерлік қоғамдастығына АӨК-ні субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы таныстырылды. Кездесуге Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері қатысты, деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

cc27f7a4c26b9b6d605f1d59a9f51ffa_1280x720

Айта кетейік, былтыр субсидиялау жүйесін реформалау талқыланды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, фермерлердің пікірін мейлінше ескеруге, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісімді нұсқа әзірленді.

Жалпы алғанда, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан, атап айтқанда, шикізатты ішкі нарыққа, оның ішінде отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер бойынша норма енгізіледі.

Сондай-ақ өтінішті онлайн беру үшін gosagro.kz субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале