Филармония өнерпаздары Аустрияда 150 мың адам тамашалаған «Ұлттық киімдер шеруіне» қатысты
Аустрия мемлекетінің Филлах қаласының орталығында өткен 40 елдің өнерпаздары қатысқан 78-ші дәстүрлі фестивальдің жабылуына арналған «Ұлттық киімдер шеруін» 150 мың көрермен тамашалады.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, көк байрағымызды желбіретіп шеруге Қазақстан атынан қатысқан К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Атамекен», «Өз елім» және халық әндері мен елімізлің Әнұранын орындады.