11.09.2023, 14:49
Оқылды: 49

Футбол. Еуро-2024 чемпионатына іріктеу: 100 домбырашы ұлттық құрамаға қолдау көрсетті

Домбырашылар футболдан Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойында қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8363A589-83D1-41E5-A96B-BF4437B30735

Сурет инстаграмдағы aididau парақшасындағы видеодан (скрин) алынды

Домбырашылар керемет көріністің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

«Жеңіс құтты болсын. Ұлттық құрамаға 100 домбырашы 90 минут тоқтаусыз қолдау көрсеттік», - деп жазған домбырашылардың бірі.

Желі қолданушылары көзсүйсінтер көрініске жылы лебіздерін жазған:

Біреулер домбырамен, біреулер сөзбен қолдау көрсетіп, ел болып жұрт болып, әйтеуір алып шығыпсыңдар ғой;

Еріксіз көзге жас келеді екен;

Домбыра сөйлеп тұр ғой;

Жарайсыңдар!

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне тамашалады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, қоқыс жинап шыққан елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале