19.12.2022, 9:45
Оқылды: 62

Футболдан әлем чемпионатында соғылған гол бойынша рекорд жаңарды

Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында барлығы 172 гол соғылды. Бұл аталған турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20221219-WA0011

Айта кетсек, бүгін финалда Аргентина құрамасы Франциядан пенальтиден басым түсіп, өзінің тарихында үшінші мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бұдан бұрын 1998 және 2014 жылдарда 171 голдан соғылған еді. Осылайша биыл аталған рекордқа түзету енгізілді.

Дүбірлі додада 8 голмен француздық шабуылшы Килиан Мбаппе сұрмергендер көшінде бірінші орын алды. Одан кейінгі орында 7 голмен аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тұр.

Әлем чемпионатында барлығы 116 футболшы мергендігімен көзге түсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале