17.02.2022, 12:50
Оқылды: 147

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» жеңіске жетті, «Бавария» тең ойнады

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220217092829868e

Бұл жолы «Интер» (Италия) және «Ливерпуль» (Англия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) және «Бавария» (Германия) командалары шеберлік байқасты.

«Интер» және «Ливерпуль» кездесуінде ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Роберто Фирмино 75, Мохамед Салах 83-минуттарда өзінің еншісіне жазды.

Ал «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) және «Бавария» ойынында 1:1 есебі тіркелді. Австриялық командадан Чуквубуйке Адаму 21-минутта соққан допқа неміс клубынан Кингсли Коман 90-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

Қарымта кездесу 8 наурызда өтеді.

Айта кетсек, 15 ақпанда «Пари Сен-Жермен» (Франция) «Реал Мадрид» (Испания) командасын 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Спортинг» (Португалия) өз алаңында «Манчестер Сити» (Англия) клубынан 0:5 есебімен ойсырай жеңілді.

Ал 22 ақпанда «Вильярреал» (Испания) мен «Ювентус» (Италия), «Челси» (Англия) мен «Лилль» (Франция), 23 ақпанда «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Аякс» (Нидерланды) командалары кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале