18.07.2022, 12:00
Оқылды: 68

Футболдан Қазақстан кубогының екінші туры аяқталды

Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210215152232200e

Екінші турдың соңғы ойын күнінде Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Павлодар облысының «Ақсуын» 2:0, Түркістанда «Тұран» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, Оралда жергілікті «Ақжайық» Ақтаудың «Каспийін» 3:1 есебімен сүріндірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 15 және 16 шілде күндерінде бес ойын өткізілді. Сырт алаңда алматылық «Қайрат» «Атырауды» 3:2, Қызылорданың «Қайсары» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбеден» 2:1, «Тараз» Түркістан облысының «Мақтаралынан» 4:2 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтер» (Қарағанды) командасынан 5:2 есебімен жеңді.

Енді Қазақстан кубогы үшінші тур ойындары 22, 23, 24 шілде күндері өткізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале