18.12.2021, 16:49
Оқылды: 100

Футболдан ҚР құрамасы 2022 жылы Ұлттар лигасының жарыстарына қатысады

Швейцарияның Ньон қаласында 2022/2023 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

211218132230004e
Келер жылдың 24 және 29 наурызында өтпелі матчта Қазақстан Молдова құрамасын жеңіп өтетін болса, онда құрамамыз С лигасында қала береді.

Осыған орай Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзербайжан құрамалары қарсылас болып шықты.

Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса онда D лигасында өнер көрсететін болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады.

Топтық кезеңнің матчтары 2022 жылдың маусым айында басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале