10.01.2021, 11:28
Оқылды: 185

Ғали Есқалиев: "Азаматтар дауыс беруде неғұрлым белсенді болса, депутаттар зор жауапкершілік арқалағанын түсінеді"

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының сайлауы өтуде. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы №450 сайлау учаскесіне дауыс беруге барды.

 IMG-20210110-WA0000

– Бүгін – сайлау науқанының соңғы кезеңі. Барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сай жабдықталған. Сайлау учаскесіне келген тұрғындарға тегін медициналық маска берілуде. Қалада қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр. Өңірдегі барлық сайлаушыны ел болашағының бағыт-бағдарын айқындауғаүлес қосу үші өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырамын. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

IMG-20210110-WA0002

Сайлау өткізуге жыл бойы дайындық жүргізілді. Саяси партиялар құрамында елімізге танымал адамдардың біразы кандидат ретінде тіркелді. Үміткерлер үшін үлкен сынақ кезеңі болды, мол тәжірибе жинады. Сайлау қорытындысы бойынша басым дауыс жинаған депутаттар алдағы бес жылда халық аманатын – өз уәделерін орындау үшін ҚР заңдары аясында тынымсыз еңбек етуі тиіс.

IMG-20210110-WA0001

Азаматтар неғұрлым белсенді болса, депутаттар соғұрлым зор жауапкершілік арқалағанын түсінеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін қалаішілік жолдар көктайғақ болып, қиындық туындап жатқаны рас. Соған қарамастан тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауды маңызды деп білген абзал, - деді  облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG-20210110-WA0006

Қаладағы №450 сайлау учаскесі Құманғазы колледжінде орналасқан. Бұл учаске бойынша Нұрсұлтан Назарбаев және Абай даңғылдары және қаланың басқа орталық көшелерінде тұратын сайлаушылар дауыс бере алады. Сайлаушылар таңнан бері өз таңдауын жасау үшін үздіксіз келіп жатыр.

IMG-20210110-WA0003

IMG-20210110-WA0004

IMG-20210110-WA0005

Н.Текебай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале