20.02.2021, 21:48
Оқылды: 372

Ғали Есқалиев: «Қараусыз ғимараттар – біздің бақылауымызда»

Бүгін онлайн түрде өткен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есеп беру жиынында өңір басшысына тұрғындар тарапынан жолданған сауалдар көп болды.

үй11

Орал қаласының тұрғыны Әлібек Тапалов: «Қаламызда қирап тұрған, құрылысы бітпеген ғимараттар көп. Өз басым №1 мектеп қасындағы жер үйлердің бірінде тұрамын. Облыстық ішкі істер департаменті қасындағы салынбай, бітпей тұрған ғимаратқа кішкентай балалар, үйсіз-күйсіз жүрген адамдар көп барады. Соны қадағалауға болмай ма?» деген сауалын жолдады.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев: «Сіздің сауалыңызға орай құзырлы мекеме оны қарап шығады. Облыстық ішкі істер департаменті қасындағы ескі ғимараттар мен құрылысы бітпей жатырған орындар – біздің қатаң бақылауымызда.

Біз әкімдіктің қасындағы бір баспананы қалпына келтірдік. Ал Шолохов бойындағы бірнеше ғимараттардың иелерін тауып, қалпына келтіруге өтініш жасадық. Олар келісті. Жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар ет комбинаты ауданы маңындағы бірқатар ғимараттарды да қалпына келіп отырмыз.

Облыстық ішкі істер департаменті маңындағы ғимараттардың қожайыны анықталды. Оған аукцион арқылы сатып алуға көмек көрсетілді. Бір-екі айдың ішінде инвестор жоспарын көрсетуі тиіс. Әрине, мұндай ғимараттар балаларға үлкен қауіп төндіреді, жарақат алулары да мүмкін.

Сонымен қатар Омега шағынауданында апатты жағдайдағы екі үлкен ғимарат тұр. Әзірге аталмыш ғимараттардың иелерімен келісімге келе қойған жоқпыз. Өйткені ғимараттардың бірі банкте кепілдікте болса, енді бірі сот шешімін күтіп отыр. Сол себепті өз шешімін таппай отыр. Қараусыз ғимараттар – біздің бақылауымызда», - деп жауап берді.

zhaikpress.kz

Сурет 24.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале