20.02.2021, 19:53
Оқылды: 31

Ғали Есқалиев: «Отандық мамандардың квалификациясын арттыру қажет»

- Ел Президенті қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу деп көрсетті. Өңірде осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынды.

қай 4

Елбасының бастамасымен жарияланған республикалық «Biz Birgemiz» акциясы аясында 30 мыңға жуық жерлестеріміз материалдық көмек (50,0 мың тг) алды.

қай3

Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд. теңгеге жуық бір жолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (АСП) берілді.

қай5

Пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» өңірлерде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Өткен жылы облысымызда 33 білім беру, 16 денсаулық, 12 мәдениет, 5 әлеуметтік, 2 спорт нысаны жөнделіп, 75 шақырым жол, 146 шақырым газ және 50 шақырым инженерлік желі салынды.

жұм3

Осы нысандарды жөндеу жұмыстарына 8 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 762 адам техникалық және кәсіптік білім алуға, 355 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Әртүрлі санаттағы адамдар 1113 кредитке қол жеткізсе, 2034 адам жаңа бизнес-идеяларға грант алды. Ал 836 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1870 жас жастар практикасына, 8418 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.

жұм4

Жалпы өткен жылы 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылса, соның 60%-ы тұрақты жұмыс орындары.

2020 жылы барлық аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарында еңбек ететін азаматтарды ресми түрде тіркеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырған болатынмын.

жұм6

Бүгінгі таңда 1106 жұмысшы шаруа қожалықтарына тіркеліп, еңбек қатынастарын заңдастырды.

Сонымен қатар, Қарашығанақтағы шетелдік жұмыс күшін талдай келе, көптеген жұмысшы мамандар шет елден тартылатынына көз жеткіздік.

жұм5

Бұл позицияларды жергілікті мамандармен жабу үшін отандық мамандардың квалификациясын арттыру қажет.

Осы мәселені шешу үшін КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялары есебінен (980 мың доллар) Ақсай колледжінің негізінде құрал-жабдықтар алып, оқытушыларды шақырта отырып, оқыту орталығын ашатын боламыз, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

жұм8

Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде.

Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтілуде.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале