20.02.2021, 20:21
Оқылды: 399

Ғали Есқалиев: "Өткен жылы БҚО-да 15 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді"

Дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде. Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтуде.

B1E0C53E-7699-46A8-8D77-27DD3C1061E0

- 2020 жылы әлем бұрын-сонды болмаған індетке тап болып, бүгінде адамзат пандемиямен күресуде.

Коронавирус індеті бізді амалсыз әрекеттерге баруға мәжбүрледі. Әрбір шектеу шараларының артында ұлт саулығы тұрғанын түсіну қажет.

Медициналық қызмет көрсету, емдеу барысында көптеген қателіктер кеткенін мойындау қажетпіз. Турасын айтқанда біз мұндай сынаққа дайын болмадық. Осы ретте, аталған аурудан ажал құшқан жерлестеріміздің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

67C6D4A3-7847-48F5-97BD-616674626F8A

Аурумен бетпе-бет келген ақ халатты абзал жандарымыздың еңбегін бағалай отырып, дәрігер мамандығына көзқарасымызды өзгерттік.

Бұл күресте ардагер-дәрігерлеріміз, жеке медициналық клиника мамандары мен волонтерлар өз көмектерін ұсынып, бізбен бірге болды.

Індетпен күрес дәрігерлерімізге оңайға соққан жоқ. 700-ге жуық медициналық қызметкер жұмыс орнында жұқпалы ауруға шалдықты (170 дәрігер, 396 орта, 118 кіші қызметкер, 18 басқа). Төрт дәрігеріміз ажал құшты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 14 мыңнан астам маманға 3,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

7CEA9301-9EF2-484D-A7D2-A64D5AEFA62A

Қызметте ерен еңбегімен көзге түскен 15 медициналық қызметкер «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сияқты орден-медальдармен наградталды.

Өңірде медицина кадрлары мәселесі күрделі болып отыр. Өкінішке орай, дәрігер кадрларының тапшылығы 277 бірлікті құрайды (оның ішінде қалада-173, ауданда-104). Дегенмен 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеу байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 түлек келді.

Өңір дәрігерлері қиын оталарды жасау бойынша тәжірибе жинақтау үстінде. Мысалы, қалалық көпбейінді ауруханада алғаш ретинсульт алды күйдегі науқастардың ми артерияларына өте күрделі оталар жасалды.

Ал кардиологиялық орталықта алғаш рет жаңа босанған науқастың қолқа клапанын ауыстыру отасы сәтті іске асты. Аталған ота ана өлімін болдырмауға өз септігін тигізеді деп сенемін.

3FCBC02E-0DA5-49A1-862E-D0695A3A30E3

Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында, Президент тапсырмасымен,3 ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 15 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.

Тұңғыш Президент қорының қолдауымен облыстық балалар көпбейінді ауруханасында жабдықталған балалар оңалту орталығы ашылды.

Сондай-ақ, 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып, аудандарға таратылды (Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Теректі, Тасқала, Қаратөбе, Шыңғырлау).

Қазақта «Біреу – біреуге сүйеу» деген керемет мақал бар. Пандемиямен жұмыла күресіп, бір-бірімізге демеу бола білдік.

Халқымыз бір ел екенін көрсетіп, жақынына жаңашыр бола білді. Бұл тұрақтылық пен бірліктің үлкен үлгісі,-деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале