Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Ғалым әрі ақын болған тұлғамен кездесті

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дағы БҚО тарихи-өлкетану музейінің филиалы – Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде университетіміздің ардагер ұстазы Болатқали Төлебаевпен кездесу өтті.

2022-11-21 at 18.25.38

Ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлауда өз қолтаңбасын қалдырған профессор ғалымның есімі өңір жұртшылығына ақын ретінде де таныс. Кездесу барысында Болатқали Төлеубайұлы өзінің өмір жолы, шығармашылығы туралы айтып өтіп, студенттік жылдарындағы қызықты естеліктерімен де бөлісті. Қаламгер өз туындыларын оқып, олардың жазылу тарихына да тоқталды. Студенттер де ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, әсерлі кештің көрігін қыздырды.

Кеш қонағы – танымал әнші Еркін Өтегенов ақынның сөзіне жазылған Тұяқберді Шәмеловтің «Күндер-ай» әнін орындап, тыңдарманның көңілін серпілтті.

Ардагер ұстаз, ақын Б.Төлебаев жастарды елін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және жазу шеберліктерін ұштауға шақырды. 

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және білім алушылар қатысты. 

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале