2.09.2022, 10:13
Оқылды: 134

Ғалымдар инсультке бейім қан тобын анықтады

Мэриленд университетінің медицина (UMSOM) мамандары қай қан тобының тасымалдаушылары басқаларға қарағанда ерте инсультке шалдығатынын анықтады.

photo_103697

Басылым мәліметінше, ғалымдар 60 жасқа дейінгі адамдарда қан айналымының бұзылуынан туындаған ишемиялық инсульт туралы 48 зерттеуге мета-талдау жүргізген.

Зерттеу барысында инсультпен ауырған 17 000 пациенттің және бұл аурумен ешқашан ауырмаған 600 000 сау адамның деректері зерттелген. Осыдан кейін дәрігерлер белгілі бір заңдылықтарды анықтау үшін бірінші топтағы қатысушылардың хромосомаларын талдаған.

Зерттеу нәтижесінде II қан тобындағы адамдардың инсультпен ауру қаупі 16 пайыз екені, III қан тобының тасымалдаушылары бұл аурумен ауруға бейім екені, I қан тобындағы адамдардың жұқтыру дерегі 12 пайыз екені анықталған.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале