12.03.2022, 17:30
Оқылды: 135

Ғалымдар құмырсқалардың иіс арқылы қатерлі ісік клеткаларын анықтай алатынын айтты

Францияның Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы, Париждегі Сорбонна университеті, Кюри институты және Inserm компаниясының бір топ ғалымдары құмырсқалардың адам бойындағы қатерлі ісік ауруын анықтай алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

image_b

Эксперимент аясында мамандар 36 жәндікке бақылау жасады. Ғалымдардың айтуынша, Formica fusca түрінің құмырсқалары бірнеше минуттық жаттығудан кейін сау адам ағзасынан қатерлі ісік жасушаларын ажыратты. Мамандар әрбір жасуша сызығының құмырсқалар анықтайтын өзіндік иісі бар екенін түсіндірді.

Әдістің тиімділігін бағалау үшін қосымша тестілеу қажет. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, бұл нәтижелер құмырсқалардың қабілеті жоғары екенін білдіреді.

Суреттің дереккөзі: massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале