27.01.2025, 9:45
Оқылды: 54

Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы облыс әкімдері орынбасарлары, білім басқармалары басшылары, орталық мемлекеттік органдардың және құрылыс операторы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды.
dedc73670ee54734ca578e11c88790d5_1280x720
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүруде. Оның аясында 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарланған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру барысында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған. Басты талаптардың бірі - қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын күшейту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале