2.08.2021, 23:20
Оқылды: 242

Ғарышкерлік гүлденген ғасыр

 

Қазақтан  шыққан  тұңғыш  ғарышкер,  сынақшы-ұшқыш,  Кеңес  Одағының  Батыры,  Қазақстан  Республикасының  Халық  Қаһарманы  Тоқтар  Әубәкіров  жуырда  75  жасқа  толды.  Ғарышкердің  мерейтойына  орай  ҚР  Парламенті  Сенатының  депутаты,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Бақытжан  Жұмағұловтың  мақаласын  назарларыңызға  ұсынамыз. 

60fe12e0edcf21627263712

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылы тарихи маңызы бар бірнеше оқиға орын алды. Халық көптен күткен ең шуақты шақ – Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақ ғарышкерінің тұңғыш рет аспан әлеміне сапар шегуі еді. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнді: Тоқтарға Батыр атағы Кеңестік авиация тарихында «Тбилиси» авиакрейсерінен «Миг-29» жойғыш ұшағын тұңғыш рет ұшырып, қондырғаны үшін берілген деп есептейді. «Осы оқиға адамзаттың ғарыш кеңіс-тігін игеруінің символы», – деп атап көрсеткен болатын. Бұл құрмет біздің мақтанышқа айнал-ған сұңқарымыз, әлемдік деңгейдегі сынақшы-ұшқыш Тоқтар  Әубәкіровке  бұйырды.

Батыр тұлғалы аты аңызға айналған адам 27 шілдеде 75 жасқа толды. Бойында әлі де қуаты мен өз-өзіне деген сенімі бар. Амандық-саулық сұрасқанынан-ақ асқан мәдениеттілік байқалады. Кейбір отандастарымыз Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқышқа жоғарыда аталған ерлігі үшін берілді деп есептейді.  Ал  көпшілігі жоғары
награданың нақты не себепті берілгенін білмейді.  Ел арасында айтылып жүрген болжамдарға құлақ асады. Өкінішке орай, екі болжам да қате.

Себебі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлына Ленин орденін, «Алтын жұлдыз» медалін және Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы жарлығы 1988 жылы 31 қазанда шықты. Бұл оның ғарышқа ұшқан уақытынан да, 1989 жылғы 1 қарашада Қара теңіздегі ерлігі көрініс тапқан сәттен де ертерек.

«Казахстанская правда»
газетінен, №138, 26.07.2021 жыл

Орыс  тілінен  аударған

Марлен  Ғилымхан

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 3 тамыздағы  №62 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале