24.05.2023, 10:14
Оқылды: 47

GCIP Kazakhstan Жасыл стартаптарды жеделдету ұлттық байқауы

"Ғалымдар, кәсіпкерлер мен ШОБ және стартаптардың назарына! Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЮНИДО қолдауымен сіздерді – GCIP Kazakhstan Жасыл стартаптарды жеделдету ұлттық байқауына қатысуға шақырады", - деп хабарлайды ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі.

8c12d689a2a1af08f12b7c89fa2b07c3_1280x720

Өтініштер 2023 жылдың 31 мамырына дейін қабылданады

Байқау 7 бағыт бойынша өтеді:

  • ЖЭК
  • Энергия тиімділігі;
  • Суды тиімді пайдалану;
  • Қалдықтарды басқару;
  • Озық химиялық заттар мен материалдар;
  • Көлік;
  • Жасыл құрылыс.

Байқау нәтижелері бойынша инновациялық экологиялық шешімдері бар болашағы зор стартаптар іріктеліп, оларға одан әрі мемлекеттік және жеке инвестицияларды тартуда, жобаны коммерцияландыруда және әлемдік нарықтарға жылжытуда қолдау көрсетіледі.

Байқауға дайындықтың бастапқы кезеңіндегі, ғылыми зерттеулері аяқталған жобалар қатыса алады

Біз:

2 адамнан кем емес;

Зияткерлік меншігі немесе оны жасау мүмкіндігі бар;

Парниктік газдарды азайтуға немесе климаттың өзгеруіне бейімделуге тікелей әлеуетті әсер ететін технологиялары бвр командаларды іздейміз

Жоба менеджерлері мен стартап-компаниялардың жетекші әйелдерінің қатысуы құпталады

Өтінімдерді GCIP веб-сайтының https://gcip.tech/register/  Қазақстан бөлімінде қалдырыңыз.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: +77172 799 925; +77172 799 926; +7 (701) 274-88-00; +7 (701) 120-97-68 [email protected]  [email protected]

Таңдау критерийлері мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://docs.google.com/file/d/1CE-iUKniVolhUmUrQ2MtnTuo4wh3rmCo/edit?usp=docslist_api&filetype=mspresentation

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале