6.03.2024, 11:00
Оқылды: 47

Гендерлік алшақтық индексі Қазақстан халықаралық рейтингте 62-орында тұр

БҰҰДБ мен Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер ұйымы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы гендерлік теңдікті және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қоғамдық көзқарас» талдамалық есепті таныстырды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

acdf25ee3a1a229f9c46c3a5495c18fb_1280x720

Есеп еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 3800 респондент арасында жүргізілген сауалнама деректеріне негізделген.

«Есеп гендерлік теңдікті ілгерілету мен гендерлік стереотиптерге қарсы тұру үшін тиімді стратегияларды әзірлеу және қабылдау үшін ұлттық серіктестер пайдалана алатын өзекті ақпараттың құнды ресурсы саналады. Мұндай сауалнама Қазақстанда алғаш рет өткізілді», - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева.

5723221c3625f7c26ef4b0df7b80870d_1280x720

Гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан 2023 жылы 62-орынға ие болып, 2022 жылмен салыстырғанда позицияны 3 тармаққа жақсартты.

«Біліктілікті одан әрі жетілдіру, гендерлік саясатты жүйелеу үшін біз БҰҰДБ-мен бірлесіп, гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік секторды сертификаттау бойынша жұмысты бастадық. 2024-2025 оқу жылында Қазақстанның 2 жоғары оқу орнында магистратура және «Гендерлік зерттеулер» академиялық курсын енгізу жоспарлануда», - деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

ce54584cc8717353b8021e9c4682861c_1280x720

Айта кетейік, зерттеу жағдайды өзгерту үшін, оның ішінде қоғамның осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру, білім беру бағдарламалары арқылы жастарды тарту, заңнамалық шараларды күшейту, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету инфрақұрылымын құру және жалпы барлық деңгейлерде мемлекеттік қолдау көрсету арқылы бірқатар ұсыным береді.

Есептің толық нұсқасымен Қазақстан БҰҰДБ ресми сайтыннан танысуға болады.

Фото: gov.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале