13.09.2026, 11:00
Оқылды: 116

Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болып сайланды

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды.

IMG_20260913_014936

Фото: olympickz

Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен 15-ші Бас ассамблея барысында ол Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде 2026-2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына енді.

​Айта кетейік, бұл халықаралық ұйымның президенті болып Сауд Арабиясының спорт министрі, ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанынан бері ҚР ҰОК президенті қызметін атқарып келеді, ал 2025 жылдың қарашасында World Boxing ұйымының басшысы болып сайланған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале