13.01.2022, 12:18
Оқылды: 39

Германияда Telegram бұғатталуы мүмкін

Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер елде Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасай отырып.

photo_92599

Германияның ішкі істер министрі компания елдің ішкі заңдарын ескермесе, осындай шараларға жүгінуге тура келетінін айтты. Бұл Telegram-дағы экстремистік мәлімдемелер мен вакцина, карантинге бойкот жариялауға шақыру тарату туралы мәселелерге қатысты болып отыр."Біз - құқықтық мемлекетпіз, бірақ мұндай мүмкіндікті жоққа шығара алмаймыз. Бұғаттау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, әрине, бұл соңғы шара болады", - деді неміс саясаткері.

 Оның айтуынша, Германия Еуропа Одағындағы серіктестерімен Telegram-ды қалай реттеу керегін талқылап жатыр.
"Telegram бүгін Дубайда жұмыс істеп жатыр, ал ертең Кайман аралдарында болуы мүмкін. Құқықтық нормаларды іске асыру үшін бізге көп күш қажет. Германия мұны жалғыз өзі шеше алмайды", - деді ол.

Алайда, Германия ІІМ өкілі Telegram-ды бұғаттау туралы ешқандай техникалық немесе құқықтық ақпарат айтқан жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале