14.03.2025, 10:30
Оқылды: 90

Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның ұлттық бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау күштері құрамында міндеттерді орындауға Сирия Араб Республикасына жіберілді. Бұл миссия Қазақстан Республикасы бітімгерлерінің алғашқы дербес операциясы болды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

a25206643e1278408277edf23eaa2189_1280x720

 

Өзара түсіністік туралы меморандумға және миссияның мандатына сәйкес, Қазақстан контингенті өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда. Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгерлік күштердің әлеуетін арттырудың маңыздылығын айта келіп, БҰҰ-мен бітімгерлік саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

cea5785f117c852d2ddfe088141bf0c9_1280x720

Фауар базасындағы миссияны орындау кезінде бітімгерлік контингент 557 тапсырма орындады, оның ішінде Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау, жауапкершілік аймағындағы бітімгерлік базаларынан әскери персоналды эвакуациялау, бақылаудағы аумақты мобильді патрульдеу, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту, БҰҰ-ның персоналы мен жоғары лауазымды тұлғаларын жауапкершілік аймағында және БҰҰ-ның оның шектеулі аумақтарында алып жүру кірді.

d7dd359f196664ab561bc74dc4d04fa4_1280x720

Қазақстандық бітімгерлердің Сириядағы шиеленіскен жағдайда өздерінің алғашқы дербес миссиясын орындағаны ерекше маңызды. Жауапкершілік аймағында шиеленіс артқан кезде Қазақстан контингенті көтерілісшілердің оны басып алуына жол бермей, базаны берік ұстауда шешуші рөл атқарды.

645e9554090f347b36b4584f39067162_1280x720

Жедел әрекет ету тобы БҰҰ басшылығы мер қызметкерлерін Дамаскіден "Фауар" базасына үш рет эвакуациялап, персоналдың қауіпсіздігін және БҰҰ мүлкінің сақталуын қамтамасыз етті.

c0a73e0f4a5dab124ef166db3eef0ced_1280x720

Сурет: gov.kz

Біріккен Ұлттар ұйымының басшылығы қазақстандық бітімгерлердің көрсеткен батылдығы мен табандылығын жоғары бағалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале