27.12.2021, 10:18
Оқылды: 63

Голливудтың 2021 жылы билеті ең көп сатылған фильмі анықталды

2021 жылы шыққан Голливудтың билеті көп сатылған фильмі - "Өрмекші адам: үйге жол жоқ", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

photo_91690

Питер Паркердің шытырман оқиғалары туралы Marvel франшизасының үшінші бөлігі 12 күн ішінде 1 миллиард доллар жинады. 2019 жылғы "Кек алушылар: соңы" және "Кек алушылар: шексіз соғыс" бұған 5 және 11 күн ішінде жетті .

 Өткен демалыс күндері "Өрмекші адам: үйге жол жоқ" америкалық нарықта 260 миллион доллар жинады. Сарапшылар мұндай көрсеткіштердің, әсіресе, пандемияда аңғаларлық екенін айтты.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале