16.02.2022, 18:00
Оқылды: 86

Головкин әлем чемпионының үш титулы үшін айқастың қашан өтетінін айтты

IBF және IBO тұзырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі айқасына дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

4

GGG АҚШ-та Джонатон Бэнкстің басшылығымен жаттығуға кірісті. Геннадий екеуінің бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, мынадай жазба қалдырды:

«Жаттығу лагеріне оралып, өз командаммен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Таяуда Жапониядағы бірлескен айқастың датасы жарияланады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз».

Еске салайық, Головкиннің келесі қарсыласы WBA Super титулының иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы тиіс. Олардың жекпе-жегі 2021 жылдың соңына жоспарланған еді, бірақ Жапонияда карантин шараларының қатаңдатуына байданысты кейінге қалдырылды. Енді жекпе-жек көктемде өтеді деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале