18.09.2022, 8:48
Оқылды: 173

Головкин мен Альварес жекпе-жегі басталды

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220915220653372e

Бокс жанкүйерлері, соның ішінде Головкиннің жақтастары асыға күткен үшінші айқастың алдында Димаш Құдайберген Қазақстан әнұранын шырқап, жиналған жұртты бір желпіндіріп тастады.

Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.

«GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале