2.03.2022, 10:20
Оқылды: 79

Головкин мен "Канело" үшінші жекпе-жек келісімшартына қол қойды

Орта дивизиондағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_95334

USA Today Sports+ мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде (168 фунт) өтеді. Бұған дейін Альвраес төрт титулды сарапқа салатыны айталған болатын.

 Жекпе-жек Лас-Вегаста өтуі мүмкін. Головкин мен Канелоның алдыңғы екі жекпе-жегі де осында өткен болатын. Еске салайық, бірінші кездесуде екі боксшы тең түсіп, қарымта кездесуде мексиқалық жеңіске жеткен еді.

Трилогияға дейін екі боксшы да көктемде өтетін жекпе-жегінде жеңіске жетуі керек: Головкин сәуірде супер орта салмақта WBA чемпионы жапон Риота Муратамен кездеседі, ал Канело мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале