12.11.2020, 9:41
Оқылды: 69

Головкиннің Шереметадан кейінгі қарсыласы аталды

EsNews Youtube-арнасының авторы Эли Секбах қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) Шереметадан кейінгі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін болжады.

головкин

Головкин Шереметадан кейін 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері бразилиялық боксшы Эскива Фалькаомен (27-0, 19 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Ол GGG-ді бірнеше рет сынап көріп, жекпе-жекке шақырды, алайда Фалькаода кәсіби рингте мақтанарлық ештеңе жоқ. Ол бес жыл бойы өнер көрсетіп жүргенімен, титулдық жекпе-жек өткізбеген. Еске сала кетейік, Головкин – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале