30.12.2021, 12:38
Оқылды: 244

Грекияда омикрон жылдам таралып жатыр

Әлемде бір ай бұрын ғана пайда болған омикрон Грекияда кеңінен етек жайған.

c4aaf07b6af1300ccfb0c86e8601ad3a_resize_w_742_h_365

 Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін қазір билік өкілдері нақты шара қабылдауға кірісті. Яғни денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түспеу үшін бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, клубтар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарды. Олар енді түнгі 12-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, азаматтар дүкен мен қоғамдық көлікте бетперде тағуға міндетті. Ал мемлекеттік және жекеменшік сала қызметкерлерінің жартысы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Айта өтейік, өткен тәулікте Грекияда 21 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелді.

NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале