14.01.2022, 16:00
Оқылды: 155

Halyk Bank зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 3 млрд. теңге бөледі

Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд. теңге бағыттайды. Бұл қаражатты шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек ретінде, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіру және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.

E89BA986-60B2-4469-BF70-329FA2754F53

Бұған дейін Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business телеарнасында берген сұхбатында террористік шабуыл және жаппай тәртіпсіздіктің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайын екенін айтқан болатын.

"Менің ойымша, қазіргі жағдайда күшіміз бірлікте. Кез келген қиындық, кез келген жауға қарсы тұруымыз керек. Мен өз елімді өте жақсы көремін және әрбіріміз қолымыздан келгенше көмек беріп, жақсылықтың жаршысы болуымыз қажет. Осы қиын-қыстау күндерде барлығы әлемнің өте нәзік екенін және ең басты құндылығымыз - адам өмірі мен денсаулығы екенін сезіндік. Сондықтан, баршаңызға мен әрдайым бейбітшілік, денсаулық, тыныштық және  жақсылық тілеймін", - деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале