10.11.2023, 12:15
Оқылды: 661

ІІМ Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

fb556337-98e7-4132-9afa-e838ab6d2d41

Фото: qazaqstan.tv

«Кешегі қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды ма? Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аты аталып жатыр. Қоғамдық орында кісі өліміне қалай жол берілген?», - деп сұрады журналист.

Министрдің орынбасары бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.

«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі», - деді министрдің орынбасары.

БАҚ өкілдері өлімге жол берген мейрамхана қызметкерлерінің жауапкершілігі туралы сұрады.

«Қазір осы іс аясында тергеу департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Менің ойымша, кейін олар хабарын береді», - деді Сәкен Сәрсенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале