30.11.2022, 15:45
Оқылды: 116

ІІМ контрабанда және заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұстады

ІІМ контрабанда және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан топты ұстады. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram парақшасында жарияланды.

E691E6E9-57DE-4D23-85E0-C4692914D1A0

Министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының «Қазығұрт» кеден бекетінде қылмыстық әрекетпен айналысқан топты ұстау үшін ауқымды арнайы операция жүргізді.

Олар кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлық байланыстарын пайдалана отырып, «брокерлік қызмет» көрсету деген желеумен тауарларды жүйелі түрде жалған құжатпен заңсыз әкеліп отырған.

Әрбір жүк көлігінің кедергісіз кіріп-шығуы үшін 200 мың теңгеге дейін ақы алынған. Ал бұл тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен.

Сонымен қатар, қылмыскерлер көрші елдің азаматтарының мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі үшін де көмек көрсеткен.

Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады.

Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қару түрлері, «қара кассаның» есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілерге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.

Дереккөз: Aikyn.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале