10.02.2022, 9:30
Оқылды: 64

ІІМ жүргізушілерге үн қатты

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_94196

Қазгидромет синоптиктері мәліметінше, 10-12 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде ауа райы нашарлап, антициклон, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді.

"Көктайғаққа, жаңа жауған қарға байланысты көліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау керек, сондай-ақ, оқыс қимылға жол бермеу керек", - делінген хабарламада.

 Сондай-ақ, ІІМ жүргізушілерді ауа райын ескеріп, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге бармауға шақырды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале