9.04.2024, 19:30
Оқылды: 232

Илон Маск, ғарышкерлер мен басқа да куәгерлер күн тұтылған сәттің кадрларын көрсетті

8 сәуірде кейбір ел тұрғындары күннің тұтылуын бақылады. Астана уақытымен 23:17-де Ай Күнді толығымен жапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

66259d86-a8d8-486d-8532-51c0abf55c6c

Фото: twitter/@Mark_SantoyoJr

Күн тұтылған кезеңді Мексика, Солтүстік Америка және Канада тұрғындары байқады. Күн тұтылған сәттің жартылай фазасы Солтүстік Америкада, сондай-ақ Батыс Еуропа мен Орталық Америкада көрінді.

Қазақстандықтар Күн тұтылуын көрген жоқ. Алайда бұл құбылыс байқалған ел тұрғындары әлеуметтік желілерде бейнежазбаларын бөлісті.

Америкалық миллиардер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск та шет қалмады.

"Остинде Күн тұтылуын көру керемет. Бұл тек 27 жылдан кейін қайталанады", - деп жазды Маск.

Күннің тұтылу сәтін Жер орбитасынан бақылаған Халықаралық ғарыш станциясы мүшелері де көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале