29.06.2020, 16:03
Оқылды: 56

"Індеттің өршуіне менталитетіміздің де әсері бар"

33d72b21-3922-4373-b187-f39cf154e3db

Ең алдымен медицина қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Оларға қазір психологиялық, моральдық жағынан да өте ауыр тиюде. Ақпарат құралдарынан дәрігерлер жетпей жатырғаны айтылуда,  сондықтан оларға физикалық жағынан ауыр болар.

Коронавирус инфекциясының халық арасына кең таралуына менталитетіміздің де әсері бар деп санаймын. Оны сол қазақтың бірі ретінде айтамын. Біз денсаулығымызға ауырғанша аса қатты мән бермейміз. Қонақтық, шағын тойлар әлі де болып жатыр. Қайтыс болған адамды жерлеу рәсімдері бұрынғыдай өтуде. Жақында жерлеу шарасына сақтық шараларын барынша сақтап - маска, медициналық қолғап киіп қатыстым. Бірақ жұрттың ешқайсысы сақтанбай жүргенін көрдім. Әрбірден соң өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Бұл да біздің менталитетіміз.

Билік өз міндетін атқарып жатыр. Бәрін шектеп, барлық нысанды жауып тастай алмайды. Елдің тіршілігі үшін экономика да керек. Сондықтан халықпен жұмыс күшейтілсе дейміз. Не болып жатырғанын түсіндіру қажет. Әр адам жағдайды сезініп, сақтық шараларын сақтаса, қоғамда да індет таралуы азаяр еді.

Самиғолла Оразов,

"Микрография" ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале