3.08.2022, 11:15
Оқылды: 165

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

Фото: fingramota.kz

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті.

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында.

«Innova Gold» қызметінен зардап шеккен азаматтар ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале