19.07.2022, 10:45
Оқылды: 83

Instagram-да жаңа функция пайда болады

Instagram-да жаңа функция пайда болады. Енді қолданушылар чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Meta сайтына сілтеме жасап.

1

Meta мәлімдемесіне сүйенсек, Instagram-да қолданушыларға хабарламалар арқылы шағын бизнестен зат сатып алуға мүмкіндік беретін төлем функциясы пайда болады.

2

Мысалы, егер пайдаланушы бір затқа қызықса, ол тікелей компанияға хабарлама жібере алады, содан кейін қажет болған жағдайда параметрлерді қосып, тікелей чатта тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ, пайдаланушылар тапсырысты қадағалап отыра алады және сол чат желісінде кез келген қосымша сұрақтар қоя алады. Instagram-ның жаңа мүмкіндігі сауда жасау үшін Meta Pay төлем қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, дейді компания өкілдері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале