10.01.2023, 17:00
Оқылды: 81

Интернет-алаяқтық жасағандарға қатысты жаза күшейеді

Интернет желісі арқылы алаяқтық жасайтындарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылады. Ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында осылай жазылған.

084EEF12-C41C-4307-B3F6-94538E3C29ED

«Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп көрсетілген құжатта.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) жаңа редакциямен «Интернет желісі» термині енгізілген. Яғни, алдағы уақытта интернет-алаяқтарға да жоғарыда аталған жаза қолданылмақ.

Айта кетейік, қазір алаяқтық жасағандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ал ұсынылып отырған өзгеріс бойынша енді айппұл көлемі 1 мыңнан 3 мың АЕК-ке дейін көбейеді және түзету жұмыстарының уақыты 600-ден 800 сағатқа дейін ұзарады.

Құжатты ашық талқылау 23 қаңтарға дейін жалғасады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале