27.12.2019, 21:28
Оқылды: 87

"Инватакси" жобасы таныстырылды

Өңір басшысы Ғали Есқалиев Smart Uralsk халыққа қызмет көрсету орталығындағы жобалармен танысты.

akimat jedel jeli (13)

Алғашқы жоба - "Инватакси" болатын.
- Инватакси - бұл әлеуметтік маңызы зор жоба. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше нақты факторлар әсер етті. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар такси жүргізушілердің қызметіне арыз-шағымдар көп айтатын. Біздің мақсатты аудиториямыз - мүмкіндігі шектеулі жандар. Инватакси қызметінің диспетчерлері қоңырауларды қабылдап, қызмет алушылардың талабына сай көліктерді жібермек. IT HUB базасы негізінде диспетчерлер мен жүйеге тапсырыс берушілер оқытылуда. Содан соң такси жүргізушілері оқытылып, мобильді қосымша іске қосылатын болады, - деді "Logitex" ЖШС директоры Антон Скрамовский.
Сондай-ақ жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау,
"МСБ" пилоттық моделі талқыланды. ҚазИИТУ ғылыми-білім кешеніндегі React мектебінің IT саласы мамандарына арналған жобасына орай меморандумға қол қойылды.

Гүлсезім Бияшева
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале