1.10.2020, 12:33
Оқылды: 8

Инвестор «Ел ырысының» еңсесін тіктемек

 Облыстағы шағын және орта бизнес субъектілері 2,2%-ға артып, 43 мыңға жетті. Бұл салада 105 мың адамды қызмет етуде.  «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 191 кәсіпорында мемлекеттік қолдау көрсетіліп, 270 жұмыс орны құрылды. «Қарапайым нәрселер экономикасы» бағдарламасы аясында 14 млрд. теңгеге 208 жоба қаржыландырылды. Мемлекет кәсіпкерлердің қолдау аясын кеңейтуде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл ішінде арнайы салық режимдерінде жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері салық төлеуден босатылады. Биылдан бастап шағын кәсіпкерлікті тексеруге үш жылдық мораторий енгізілді. Осындай шаралар нәтижесінде облыста 12 мыңнан астам компания шамамен 6 млрд. теңге үнемдеді.

IMG-20200930-WA0034

– Облыс бюджеті шығындарын оңтайландыру және кәсіпкерлерге қолдау жасау мақсатында коммуналдық нысандарды сенімгерлік басқаруға беру жұмысы жалғасуда. Соның нәтижесінде қысқы спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен №4 қалалық емхана шығынға батып отыратын кәсіпорын пайда әкелетін ұйымға айналды, ал «Ақжайық» стадионының сенімгерлік басқарушысы футбол алаңын жасанды жабынмен қамтамасыз етті. Сенімгерлік басқару арқасында жеке сектор аясында кәсіпкерлеріміз берілген мүлікті тиімді пайдаланып әрі одан пайда тауып, салық төлеумен қатар жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап отырғанын көрсетеді.

Биыл «Жастар» стадионы, Сервис және жаңа технологиялар колледжі 10 жылға кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға жеке тұлғаға берілді. Аталған нысандар бойынша күні бүгінге алынған экономикалық тиімділік шамамен 40 млн. теңгені құрады. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өткізу мақсатында «Ел ырысы» базарын көтерме-тарату орталығы ретінде жұмыс істеуі үшін жеке инвесторларға бердік. Инвестор аталған базарды жандандыруға өз қаражатынан 500 миллион теңге бөлуге ниет білдірді. Нәтижесінде 15 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, қала аумағында тағы да 2 көтерме-тарату орталығы ашылады,  – деді өңір жетекшісі  Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың кезекті ХХХVІІІ сессиясында.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале