Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Инвесторлардың басын қосқан форум

Бүгін Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Оффлайн және онлайн сипатта ұйымдастырылған іс-шараға 10 елден 500-ден астам адам және 200-ден артық компания қатысты. 

IMG-20220923-WA0084

Форум облыстың инвестициялық әлеуетімен және мүмкіндіктерімен, инвестициялық жобалармен таныстыруды, алыс-жақын елдермен сауда-экономикалық байланыс орнатуды, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етті.

IMG-20220923-WA0082

– Форумға 10 елдің әлеуеті жоғары инвесторлары қатысуда. Нақты инвестиция жасаймын деген компаниялардың басшылары келді.  Португалия, Израиль, Түркия елдері мен  Ресей Федерациясының тауар өндірушілері жобаларымен таныстырды. Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев геосаяси ахуалды пайдалана отырып, Қазақстанда шетелдік компаниялардың релокациясына жағдай жасауға тапсырма берген еді. Бүгінгі форумды осы бағыттағы нақты қадамдарымыздың бір белгісі деп айтуға болады. Бірнеше елдің инвесторларының басын қосқан іс-шара жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жол ашады деп ойлаймын, –  деді форумның пленарлық сессиясын ашқан облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG-20220923-WA0075

Өңір басшысы алыс-жақын шетелдерден келген қонақтарға, кәсіпорын, компания басшыларына алғысын білдірді.

IMG-20220923-WA0091

Форум аясында облысымыздың және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

IMG-20220923-WA0090

Өңір басшысы бастаған қонақтар бизнес өкілдерінің өнімдерімен танысты. Сондай-ақ мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және ІТ-технологияларға инвестиция тарту бойынша панельдік сессиялар өтті. Іс-шара жөнінде толығырақ газеттің келесі санынан оқи алсыздар.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале