16.07.2021, 1:15
Оқылды: 277

Инвестжобалар таныстырылды

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен  инвестициялар тарту жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.  

A65F8B35-22B8-44BE-9436-D9085FDA1C5E

Отырыста «Салауатты Астана» ЖШС-ның Зашаған кентіндегі «Батыс» медициналық хабы таныстырылды. Аталмыш жобаны құрылысы аяқталмаған тергеу оқшаулағышының (сизо) базасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған. Жоба бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсетеді деп болжануда. Жалпы, инвестиция 150 млн АҚШ доллары көлемінде. Бірінші кезеңде ауысымына 500 адамды қабылдайды. Жоба жүзеге асқанда 450 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Облыс әкімі егер медициналық мекеме халыққа сапалы қызмет көрсететін болса, зашағандық тұрғындар сонда  тіркелетінін атап өтті.

«Alar Trade Agro Jaiq» ЖШС-ы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында ешкі сүті мен сүт өнімдерін өндіретін ферманың жобасымен таныстырды. Жоба бұрынғы Ақжайық колледжінің аумағындағы ғимарат пен 1100 га жер телімін қолдану арқылы жүзеге асырмақ. Жалпы, инвестиция мөлшері  1 млрд. теңге. Жобаның бірінші кезеңдегі қуаты ешкінің 200 басынан заанен тұқымды жылына 27000 литр ешкі сүтін өндіруге жетеді. Ал 2-кезеңде сүзбе, кілегей, май, ірімшік шығару және үш жыл бойы ешкі санын 1000-ға жеткізу жоспарланған. Колледж базасында қарбыз өнімдерін шығару жоспарланған.

B0288A1B-492A-40E2-9592-A956B631B7CC

Облыс әкімі жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау іс-шарасы ретінде «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ға қазір жұмыс істемей тұрған бұрынғы Ақжайық колледжін пайдалану мәселесін қарауды тапсырды.

Отырыс барысында сонымен бірге «Куксова Е.М.» ЖК 1,2 млрд. теңгенің инвестжобасын таныстырды. Бұл жоба қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдап, айына 1000 тонна крафт қағазы мен гофрленген ыдыстар шығаруды көздейді. Сондай-ақ 1,5 млрд. теңгеге  Орал қаласында ғимарат жөндеп,  500 орындық мектеп ашу жобасын көрсетті.

Облыс әкімі мемлекеттік қолдау ретінде спорт алаңы үшін жер беруге, ҚР БҒМ-мен қаржы орталығымен келісімшартқа отырғаннан кейін шығындардың орнын толтыруға көмектесуді тапсырды.

Отырыс соңында облыс басшысы барлық уәкілетті құрылымға жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру целлюлоза-қағаз өндірісін, білім, АӨК және медицина секілді басым салаларға бөлінген инвестициялар мөлшерін арттыруға мүмкіндік бермек.  

 Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале