24.03.2023, 10:00
Оқылды: 435

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

 

Бүгін Батыс Қазақстандағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатында IQanat республикалық олимпиадасының 2-ші іріктеу кезеңі өтіп жатыр. IQanat – ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы. Олимпиаданың екінші кезеңі республика бойынша 17-27 наурыз аралығында өтуде. 

8fe8fbe3-d7f0-4900-a41e-fdeb3f50fe18

 

Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов оқушылар үшін бұл білім додасының маңыздылығына тоқталып, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Мыңбаева да оқушылардың облыстық деңгейден сүрінбей өтуіне тілектестік білдірді.

Осыған дейін өткен Iqanat олимпиадасының 1-кезеңіне еліміздің 166 өңірінен 40 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысқан. Олардың 8 мыңнан астамы іріктеуден өтіп, келесі кезеңге жолдама алған. Бүгін облыста өтіп жатқан 2-кезеңге 12 ауданнан келген 257 ауыл балалары қатысып жатыр. 8-сынып оқушылары жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыт бойынша бақтарын сынайды.

IQanat жобасының БҚО бойынша үйлестірушісі Жаннат Танабаева жылдар өте келе іріктеу форматының өзгергені, қазіргі таңда пәндік білімге емес, қабілеттерге баса назар аударылатыны туралы айтты.

- IQanat республикалық олимпиадасының 2-ші іріктеу кезеңіне Қаратөбе ауданынан оқушылар алып келдім. Жалпы дайындықты сайттағы материалдарға сүйене отырып өткіздік. Аудан бойынша 127 оқушы қатысып, бірінші кезеңнен өткен 11 оқушы бүгін 2-кезеңге келді. Ауданнан келген математика, физика, химия пәндерін таңдаған 8 сынып оқушылары. Облыстық кезеңнен өткен оқушылар, жазда өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. Барлығы нәтижеге байланысты, оқушыларымызға сәттілік тілеймін, - деп өз Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айсұлу Маратқызы.

Жоба 2018-2019 жылғы оқу жылынан бастап жұмыс жасап келеді. Финалда жеңіске жеткен оқушылар Қазақстандағы ең мықты дарындыларды дамыту мектептерінің бірі – Iqanat High School of Burabay мектебінде оқу үшін әлеуетті гранттарға ие болады.Жеңімпаздардың барлығына олимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасы, ҰБТ-ға дайындық және Қазақстанның, шетелдің үздің жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабелеттілігін арттыру курстары: көшбасшылық және IT дағдылары, мотьивация, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және т.б қарастырылған.

zhaikpress.kz

 

 

zhaikpress.kz

4fe253a5-8262-41d9-9762-3c381beeecbc 8af8ec0c-8e71-4b31-bc8f-dae8b6f571dd 9f299781-ac86-462b-9de4-5f9efb370d41 a623cc00-95de-4a03-ba29-b15f1aef258d

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале