2.11.2022, 14:30
Оқылды: 54

Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасамақ - БАҚ

 Сауд Арабиясы өз барлау қызметіне сілтеме жасап, Иран дайындалып жатқан шабуыл туралы хабарлады. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

c996bdcf-6d4b-48b3-b997-21df0b17df29-960x500

Әлеуметтік желілерде Иранда мешіт күмбезі үстінде қызыл ту көтерілгені түсірілген видеолар тарап жатыр. Бұл кек алу ниетін білдіруі мүмкін дейді желі қолданушылары. 

Сауд Арабиясы АҚШ пен Иран жақын арада шабуыл жасайтыны туралы ескертетін барлау деректерін бөліскен. Осыдан кейін Таяу Шығыстағы АҚШ пен басқа да әскери күштердің жауынгерлік дайындық деңгейі қаралған.

Басылым ресми өкілдерге сілтеме жасап, Сауд Арабиясы, АҚШ және басқа да бірқатар көршілес мемлекет қарулы күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырғанын хабарлады. Олар Сауд Арабиясының барлау қызметі туралы толық мәлімет бермеген.

Бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде шерулер ұйымдастырды деп айыптаған болатын.

Еске салайық, Иранда соңғы рет қызыл ту 2020 жылдың қаңтарында көтеріліп, "Әл-Қудс" арнайы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани өлтірілген болатын. Бірнеше күннен кейін Иран АҚШ-тың Ирактағы екі нысанына: елдің батысындағы "Айн-әл-Асад" әуе базасы мен солтүстігіндегі Эрбиль провинциясындағы аэродромға соққы берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале