9.02.2022, 11:00
Оқылды: 73

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 6,6 млн асты

Иранда пандемия басталғалы 6,6 млн астам адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211026094110220a3853590i

Пандемия басталғалы бері Иранда 6,6 миллионнан астам адам коронавируспен ауырды. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індетті жұқтырып жатқандардың күнделікті өсімі 40 мың адамға жақындады. Соңғы тәулік ішінде пандемия 104 азаматтың өмірін қиды, осылайша өлім-жітім саны 132 934-ке жетті.

Сарапшылар мұндай күрт өсу «омикрон» штамының таралуына байланысты екенін айтады. Қазіргі уақытта 2 615 пациент өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған, қарқынды терапия палаталарында емделуде. Осыған орай, Иранда жаппай вакцинация жүріп жатыр. 7 ақпандағы жағдай бойынша, 61 170 578 тұрғын COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алды, 54 561 630 адам толық курстан өтті. 19 973 438 адам ревакциналанды.

Англияның шығыс бөлігінде пандемияға байланысты елдегі ең көне мекемелердің бірі жабылды. Ұлыбританиядағы Ye Olde Fighting Cocks пабы COVID-19-ға байланысты банкротқа ұшырады. «Мен өз тобыммен бірге паб жұмысын жалғастыру үшін бәрін жасадым. Алайда, соңғы екі жыл мейрамхана мен қонақ үй бизнесі үшін бұрын-соңды болмаған кезең болды және біз бұл жекпе - жектен ұтылдық», - деді оның иесі Кристо Тофалли әлеуметтік желілерде. Паб Ye Olde Fighting Cocks Шығыс Англияның Сент-Албанс қаласында орналасқан. 2000 жылға дейін ол Гиннестің рекордтар кітабына патшалықтағы ең көне ғимарат ретінде енген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале