12.03.2021, 10:14
Оқылды: 311

ІХ облыстық Қадыр оқулары қорытындыланды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Өлең сөздің зергері - Қадыр ақын» атты жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында ІХ облыстық Қадыр оқулары қашықтан өткізілді.

6FCA6751-90F3-446C-ABC0-018C53B8AAF6

    Облыстық «Қадыр оқулары» байқауына аудандық, қалалық және мамандандырылған облыстық мектептерден 49 оқушы қатысты. Сайыс «Сөзім барда – өзім бар», «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...», «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» атты үш бөлімнен өтті.

2F6B3D91-2D19-4DD4-9CEB-6BA30F184B30

Сайысқа қатысушылар «Сөзім барда – өзім бар» бөлімінде – ақынның  шығармаларын Zoom видеобайланысы арқылы нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Қазылар алқасы оқушылардың өнерін мәнерлеп оқу шеберлігі, дауыс ырғағы, жаттаған өлең санына қарай бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұл бөлім бойынша бас жүлдені Қаратөбе ауданы, Үшағаш негізгі орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Нұрайна Сыйлыбек иеленді.

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы...» бөлімінде үміткерлер Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған бір әнді орындап, http://www.youtube.com каналында орналастырылған сілтеме бойынша әнді орындау ерекшелігі, дауыс ырғағы, әртістік қабілеті бағаланды.

Бас жүлдеге Орал қаласы, Ә.Молдағұлова таныдағы №38 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Урманова Сымбат лайық деп танылды.

«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» бөлімінде қатысушының ақындық шеберлігін тексеру мақсатында қатысушылар берілген тақырып бойынша  Қ.Мырзалиевке арнап өлең шығарып, Zoom видеобайланысы арқылы  мәнерлеп оқыды. Шығарманың мазмұны, сөз ұйқастары, тақырыпты аша білу қабілеті бағаланды.  

Бас жүлдені Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ-ның 11-сынып оқушысы Дильназ Дидарқызы жеңіп алды.

 БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале