2.07.2021, 9:59
Оқылды: 193

Ізгі ғұмыр

Рахметолла Хамитұлы Сүйербаевтың есімі біздің Ақ Жайық өңіріне ғана емес, елімізге елеулі болған мәшһүр азамат еді. Мемлекет, қоғам қайраткері ретінде талай жоталы істерімен дараланған, соңына өшпестей ізі қалған дарабоздың өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болғандай. Жарық дүниеде жарқын істерімен жарқырап ғұмыр кешкен аяулы жанның дүниеден озғанына бір жыл болып отыр.

с

Жуырда «Полиграфсервис» баспасынан Рахметолла Сүйербаевтың өмірі туралы «Ізгі ғұмыр» атты кітап жарық көрді. Онда қатардағы қарапайым ұстаздан қоғам, мемлекет қайраткері деңгейіне көтерілген азаматтың көзін көрген, қатар жүрген, қызметтес болған тұстастарының естеліктері топтастырылған.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №53 санынан журналистика ардагері Есенжол Қыстаубаев дайындаған кітаптағы естеліктерден үзінділерді оқи аласыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале