«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»
25 Маусым 2022

«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды
25 Маусым 2022

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда
25 Маусым 2022

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті
25 Маусым 2022

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті

Маңызды мәселелер талқыланды
25 Маусым 2022

Маңызды мәселелер талқыланды

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»
25 Маусым 2022

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»

Израильде ғарышты зерттеудің ұлттық орталығы салынады

Израиль Ұлттық ғарыш орталығын салып, спутник ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елде алдағы бес жылға арналған жаңа ғарыш бағдарламасы қабылданды, делінген «Вести Израиль» сайтында.

220518073340940e

Сайтта жақын арада ғарышқа ұшырылатын израильдік «Амос-8» спутнигінің компьютерлік моделінің суреті жарияланған, сондай-ақ елдің ғылым және технологиялар министрі Орит Фаркаш-Хакоэннің алдағы бес жыл ішінде Израиль өзінің жаңа ғарыш бағдарламасына 600 миллион шекел салатынын мәлімдегені туралы айтылған.

«Қазір әлемде геосаяси жағдайға байланысты ғарыш қызметі белсенді дамып жатыр. Ұлыбритания алғаш рет өз аумағынан ғарыш кемесін ұшыруды бастады, Өзбекстан ғарыш саласын дамытуда, Израиль ғарышты зерттеудің ұлттық орталығын салады. Бәрінен бұрын маған Израильдің ғарыштық бағдарламасында қойылған нақты міндеттер ұнады, барлығы төрт тармақ»,-деді зымыран-ғарыш техникасы жөніндегі инженер-конструктор Жан Құлжанов.

Израильдің жаңа ғарыш бағдарламасының авторлары бұл ғарышты зерттейтін компаниялар санын екі есе арттыруға көмектеседі деп отыр (бүгінде Израильде олардың саны 60-қа жуық), ал осы салада жұмыс істейтіндер саны төрт есе артады - 2500-ден 10000-ға дейін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале