12.07.2024, 9:30
Оқылды: 164

«Joqtau» фильмі әлемдегі беделді кинофестивальдердің бірі Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді

Қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың «Joqtau» дебюттік фильмі Locarno Film Festival Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына еніп отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

0D37D17A-FE8F-424D-B2E0-38976CC5746F

Фото: министрліктен

Швейцария кинофестивалі – ең беделді фестивальдердің бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында.

Локарнодағы 77-ші кинофестиваль 2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді. Байқауға түскен әр фильм бес ретке дейін фестивальдің 10 алаңында көрсетіледі.

A553051E-55CC-4114-BA0F-90C4526CDB25

Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласы мен оның түкпіріне сапарға шыққандар туралы баяндалады. Кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіріп, олардың ұстанымдары мен сенімі сыналады.

Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, көрерменге «Қаш», «Патриоттар уақыты», «Сақтаушы» картиналары арқылы танылған, атышулы «Дәстүр» фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов, сондай-ақ «Joqtau» фильмі – мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды.

835DA806-B6E3-4C6C-BC0B-8B29ADFAF54E

«Joqtau» фильмі үшін композитор Санжар Бәйтереков қазақтың ұлттық аспабы қобызбен инструменталды музыка жазды.

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале