13.09.2024, 11:00
Оқылды: 180

Кабирханның атқорасынан тағы бір жүйрік шықты

Бүгін – V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының соңғы күні.

431B1D64-FEEB-4670-B803-36F172D58D1E

Сурет: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының ресми парақшасынан

«Қазанат» атшабарының шаңы Азия аспанына көтеріліп жатыр. Себебі жарыс жолына жүйріктер шықты.

Бірінші болып көрермен көңіліне қарай ұшқыр бәйгенің қазанаттары қанат қақты.

Рамазан Табылдиев тізгіндеген Шағала бірінші болып мәреге жетті.

1 600 метрді оза шапқан сәйгүлік атақты Дубайда өткен «All Maktoum Challenge» турнирінде кезеңдік жарыстардың жеңімпазы атанған Кабирханның иесі Тілек Мұқанбетқалиевке тиесілі. Демек, Кабирханның атқорасынан тағы бір әлемдік деңгейде шабыс жасайтын жүйрік шықты деуге болады.

– 2 жасқа дейінгі құнандардың жарысына төрт елдің сәйгүліктері қатысты, - деп хабарлады Kөшпенділер ойындарының Telegram-дағы ресми парақшасы.

Көшпенділер ойындары бәйгесінің алғашқы алтыны Ақжайық жұртының мойнына тағылғандай. Өйткені, Тілек Мұқанбетқалиев – Батыс Қазақстан облысының тумасы.

Тілек Мұқанбетқалиев мырзаны тек Батыс Қазақстанға телуге болмайды. Ол Қазақстандағы ұшқыр бәйгенің белді аттарын ұстап отырған азамат. Тұлпарлары әлемдік додаларда көк туымызды көтеруге жарап жүр. Кабирханның жұлдызы Дубайда жанды. Бүгін Дүниежүзілік додада Шағала топтан озды. Осыдан артық не керек?!

– Ұшқыр бәйгені дамытуға тиіспіз. Жылқыға жүйріктік жарасады десек, аттың осы қасиетін арттыру үшін бізге шағын қашықтықтағы, жоғары жылдамдықтағы жарыстар керек-ақ. Ұшқыр бәйге тұяғы жеңіл, сапалы жүйріктерді шығарады, - дейді V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының құрметті қонағы, Батыс Қазақстан облыстық «Бәйге» федерациясының президенті Сатқали Байзуллин.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале