6.01.2021, 17:02
Оқылды: 142

Қабылдауға тұрғын үй мәселесімен келетіндер көп

Бүгін, 6 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Бибігүл Қонысбаева Орал қаласының тұрғындарын жеке қабылдады.

085b38df-ef35-4f0c-82b9-75bd3ea1e5e6

Қабылдауға үй кезегіне тұра алмай жүрген жалғызбасты зейнеткер, үй кезегіне тұрып, 10 жыл кезек күткен 1-топтағы мүгедек ана, 7 жыл бұрын достарының үйін құжаттық рәсімделуді жеңілдету үшін уақытша өз аттарына алып, бүгінгі таңда сол үшін үй кезегіне тұра алмай жүрген ерлі-зайыптылар келді. Барлығындағы мәселе әртүрлі факторлардан туындағанымен шешімі бір.

Яғни, басты қалау – баспанаға қол жеткізу. Бұл орайда, ең бірінші кезекте үміткер тұрғын үй заңдары және бағдарламалары бойынша қысқаша ақпараттар берді.
Сонымен қатар, құжаттардың рәсімделуі жағынан кеңестер беріліп, қосымша «Отбасы» орталықтары туралы және тұрғын үй жинақ банктеріне салымшы болу алгоритмдері туралы айтылды.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале